ЖҰМЫСЫМНАН ҚАЙТЫП БАРАМ ШАРШАҢҚЫРАП 2
Жұмысымнан қайтып барам(ын) шаршаңқырап.
Жұртқа толы автобуспен, шаршаңқырақ.
Үйіме жылдамырақ жетсем болды,
Төсегімді қапсырамын шапшаң құлап.
Оны қойшы.., қазір қыс қой, епті салмақ.
Жүретін күйге жеттім, епті санап.
Баяғыда.., жол бағытым шамалы еді,
Ал қазіргі жол бағытым екі сағат.
Ықшам аудан, "ВОДНИК", ірі базар.
Қатарласқан автобустар бірін озар.
Мінетінім "ОҢАЙЫ" бар "жүз жиырма төрт",
Дәл уақытын.., бірі азайтып, бірі созар.
Қолымдағы сағатым, жолсерік бұл.
Кешкі сағат алтыны көрсетіп тұр.
"Рысқұловтың" бойынан қиылысқан,
Аялдама.., мені күтіп қол серпіп тұр.
Дала суық.., тобыр-тобыр айналам.
Жүргізуші.., көз қағып тұр айнадан.
Қарбаласқан адамдар-ай бүгінде,
Толтырдыңдар автобусты қайтадан.
"Жүз жиырма төрт" ішіне жүгіріп.
Телефонға телміремін үңіліп.
Аяғымды таптап жатқан көзсізге,
Ашу ызам, кетті менің жүгініп.
Жә жә қойшы, жындымен жын тудырмай.
Мезеттен, ұрыс-керіс жыр тудырмай.
Құлағыма құлаққапты тағып алдым,
Сөйлесе сөйлей берсін бір құғынбай.
Әне міне дегенше.., жол орайда.
Лезде жетіп қалыппын "БОРАЛДАЙҒА".
"ВОДНИКТІҢ" бұрылысы, кең жолынан,
Түсетұғын кезегім бұл жол-жолайдан.
Әрі қарай "КОМСОМОЛ", сырғақ далам.
Таксиге отыратын бір нақ табан.
"КАЗЦИКТЕН" асып кеттім, қалды енді,
Үйіме жетугеде бір-ақ қадам.
Жұмысымнан қайтпау үшін шаршаңқырап.
Темір тұлпар алу керек, шапшаңдырақ.
Қайдам шіркін, қарапайым жұмысшымын,
Келмейді ғой "ат темірге" шамам бірақ.
© АҚТӨРЕ ЖАНАЛИЕВ - 21.01.2018